...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Қоғам

Блогер Juzzefina Алматыда қамауға алынды: әкесі зорлады деп айтқан

Әлеуметтік желідегі тікелей эфир кезінде блогер Juzzefina бірнеше жанжалды мәлімдеме жасаған. Атап айтқанда, ол өзін көп жылдар бойы әкесі зорлағанын айтқан, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Полиция қызметкерлері бейнежазбада алматылық тұрғынның тыйым салынған заттарды тұтынғанын көрсеткенін, ал медициналық куәландыру есірткі тұтыну фактісін растағанын атап өтті. Сондай-ақ блогердің әрекеттерінен ұсақ бұзақылық, жалған ақпарат тарату сияқты әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталды.

Полиция бұған дейін блогердің арнайы қызметтерге көрінеу жалған шақыру және ұсақ бұзақылық үшін жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.

«Анық емес ақпарат тарату, қоғамдық тәртіпті бұзу, сондай-ақ өзге де құқыққа қарсы әрекеттер ҚР заңнамасында көзделген жауапкершілікке әкеп соғады. Азаматтардың ықтимал құқық бұзушылықтар туралы барлық өтініштері заңда белгіленген тәртіппен міндетті түрде тексеріліп, қаралуға жатады», — деп ескертті Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Өз кезегінде Juzzefina 24 маусымда Instagram-дағы Stories-те анасы полицияға ол туралы арыз жазғанын, соның салдарынан ұсталғанын мәлімдеді.

«Мені ұстады. Анам мен туралы арыз жазды. Өтінемін, бәрі әділ болғанын қалаймын. Халық, көмектесіңіздерші», — деп жазды қыз.

Дереккөз: Zakon.kz