Алматыда бала такси салонын былғағаннан кейін жүргізуші мен жолаушы әйел арасында жанжал шықты, кейін іс материалдарын сот қарады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Оқиғаға баланың көлік ішін былғауы себеп болған. Жүргізуші мен жолаушы арасындағы кикілжің сотқа дейін жетті.
Сот іс материалдарын қарап, такси жүргізушісіне жеті тәулік әкімшілік қамау түріндегі жаза тағайындады.
