...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда Жуалы көшесінің бір бөлігінде жол жабылады

Алматыда Төле би көшесін қала шекарасына дейін жалғау жобасы аясында Жуалы көшесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Инженерлік желілерді қайта жаңарту жұмыстарына байланысты 29 маусым сағат 08:00-ден 29 шілде сағат 08:00-ге дейін Төле би көшесінен Райымбек батыр даңғылына дейінгі учаскеде қозғалыс шектеледі.

Айналма жол Бәйкен Әшімов, Жұманязов көшелері және одан әрі Төле би көшесі бойымен ұйымдастырылады.

Жөнделіп жатқан учаскеде ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты бар стендтер қойылады. Жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Еске сала кетейік, жол қозғалысын шектеу туралы барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында және әкімдіктің әлеуметтік желілерінде орналастырылған.

Дереккөз: Almaty.tv