...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда Наурызбай ауданында бір көше бір айға жабылады

Алматы әкімдігінің хабарлауынша, инженерлік желілерді қайта жаңарту жұмыстарына байланысты 29 маусым сағат 08:00-ден 29 шілде сағат 08:00-ге дейін Төле би көшесінен Райымбек батыр даңғылына дейінгі учаскеде көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Айналма жол Бәйкен Әшімов, Жұманиязов көшелері және одан әрі Төле би көшесі арқылы ұйымдастырылады.

Дереккөз: Zakon.kz