...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда Жуалы көшесінде жүріс бір айға жуық шектеледі

Алматыда Жуалы көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы бір айға жуық шектеледі. Бұл Төле би көшесін қала шекарасына дейін жалғастыру жобасын іске асыруға байланысты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 маусым сағат 8:00-ден 29 шілде сағат 8:00-ге дейін Төле би көшесінен Райымбек батыр даңғылына дейінгі учаскеде қозғалыс шектеледі. Бұл уақытта мұнда инженерлік желілерді қайта жаңарту жұмыстары жүргізіледі.

Айналма жол Бәйкен Әшімов, Жұманязов көшелері және одан әрі Төле би көшесі бойымен ұйымдастырылады. Жүргізушілерден маршрутты алдын ала жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастырудағы уақытша өзгерістерді ескеру сұралады.

Дереккөз: Inalmaty.kz