...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда бір айға Жуалы көшесінде жол жүру шектеледі

Алматылықтарды Жуалы көшесінде көлік қозғалысының ішінара шектелетіні туралы ескертті. Бұл шектеу бір ай бойы әрекет етеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Жуалы көшесіндегі уақытша шектеу Төле би көшесін қала шекарасына дейін жалғастыру жобасын іске асыруға байланысты.

«Инженерлік желілерді қайта құру жұмыстарын жүргізуге байланысты 29 маусым сағат 08:00-ден 29 шілде сағат 08:00-ге дейін Төле би көшесінен Райымбек батыр даңғылына дейінгі учаскеде қозғалыс шектеледі», — деп ескертті әкімдікте.

Айналма жол Бәйкен Әшімов, Жұманиязов көшелері және одан әрі Төле би арқылы ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, жөнделетін учаскеде ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты бар стендтер қойылады. Қала тұрғындары мен қонақтарынан маршрутын алдын ала жоспарлау сұралады.

Дереккөз: Nur.kz