Алматылық дәрігерлер жүкті әйелге салмағы 5 келіден асатын ісікті алып тастады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Операция Алматы қаласының №2 қалалық перинаталдық орталығында жасалды. 40 жастағы жүкті әйел 35 апталық мерзімде қағанақ суының мерзімінен бұрын кетуімен шұғыл түрде ауруханаға түсті. Тексеру кезінде дәрігерлер ұрықтың қан айналымының бұзылуын анықтады, бұл оның өміріне қауіп төндірді.
Дәрігерлер консилиумы кесар тілігін дереу жасау туралы шешім қабылдады. Операцияны науқастың ішегі жатырмен тығыз жабысып қалғандығы қиындатты. Тәуекелдерді бағалап, перинаталдық орталықтың директоры Светлана Рахимова Алматы онкологиялық орталығының онкогинекологы Райхан Болатбекованың қатысуымен шұғыл операцияны дереу ұйымдастырды.
Олар шұғыл босандыруды ғана емес, сонымен қатар салмағы 5,1 келі болатын алып миоманы алып тастады. Сондай-ақ науқасқа жатырын сақтап қалды — болашақта ол қайтадан ана бола алады.
Салмағы 2,2 келі болатын шала туылған ұл бала дүниеге келді. Туылғаннан кейін нәресте жаңа туған нәрестелердің реанимация бөлімінің мамандарының бақылауында болды және оның жағдайы тұрақтанды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір ана мен бала өздерін жақсы сезінеді және олар үйге шығарылды.
Дереккөз: Inform.kz