Алматыда полиция қызметкерлері Қырғызстанда тіркелген екі Shacman жүк көлігін тоқтатты. Көліктерде Қазақстанның жалған мемлекеттік нөмірлері орнатылғаны анықталды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Алматы қаласы Әкімшілік полиция басқармасы іздестіру бөлімінің қызметкерлері профилактикалық іс-шаралар кезінде екі жүк көлігін ұстады.
Тексеру көрсеткендей: көліктерде Қазақстанның жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлері орнатылған. Ал жүк көліктерінің өзі Қырғыз Республикасында есепте тұрған, — делінген хабарламада.
Екі көлік те мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Жүргізушілерге қатысты жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін пайдаланғаны үшін әкімшілік материалдар жасалды. Құжаттар сотқа жіберілді, сот жауапкершілік шарасын анықтайды.
Полиция жалған тіркеу нөмірлерін пайдалану заңның өрескел бұзушылығы екенін және заңнамада көзделген жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.
Дереккөз: Nur.kz