...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда жолдарда жаппай тексеру басталды: полиция күшейтілген режимге көшті

Алматыда 20-22 қараша аралығында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, полиция қызметінің күшейтілген режиміне көшті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, іс-шара барысында құқық бұзушылықтарды анықтау мен жолын кесуге, қылмыстардың алдын алуға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баса назар аударылады.

Жол ережелерін өрескел бұзушылықтарға, соның ішінде көлікті мас күйінде басқарған жүргізушілерге ерекше бақылау орнатылады. Сондай-ақ полиция жылдамдықты асыру мен жолдардағы басқа да қауіпті әрекеттерді қадағалауды күшейтеді.

«Біздің міндетіміз – бұзушылықтарды жай ғана анықтау емес, ең алдымен олардың алдын алу, туындаған қауіптерге уақытында ден қою және әрбір алматылық пен қала қонағы үшін қауіпсіз орта құру. Жол қауіпсіздігіне және қайғылы салдарға әкелуі мүмкін әрекеттердің жолын кесуге ерекше назар аударамыз», – деді Алматы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының басшысы Абдинур Тасыбаев.