Алматыда үш мектептің маңында кең жасанды жол кедір-бұдырлары (ЖЖК) орнатылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Аталған нысандар №209, №174 және №159 мектептерінің жанында пайда болды. Бұл құрылымдардың басты артықшылығы — жүргізушілерге алыстан әлдеқайда жақсы көрінеді, жоғары көлік жүктемесіне төтеп береді және ағын жылдамдығын тиімді төмендетеді.
Сонымен қатар Жұбанов көшесінде екі жаяу жүргіншілер өткелін жарықтандыру жұмыстары жүріп жатыр.
Бұған дейін Алматы тұрғындары жақын арада енгізілетін шектеулер туралы ескертілген болатын. Атап айтқанда, 2026 жылдың 23 қарашасынан бастап Алма-Арасан көшесінің экопосттан «Нұрбота» дүкеніне дейінгі учаскесінде қозғалыс бір ай мерзімге шектеледі.
