...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда жолаушы жүргізушіге ойыншық тапаншамен қоқан-лоққы жасап, полиция қолына түсті

Алматының Жетісу ауданында полиция көлік жүргізушісіне қоқан-лоққы жасаған жолаушыны қолға түсірді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Оқиға Солтүстік айналма көшесінде болды. Қызмет атқарып жүрген полиция экипажына «Kia» маркалы автокөлік тоқтады. Шетелдік азамат көліктен шығып, салонда болып жатқан жағдайды хабарлады.

Анықталғандай, артқы орындықта отырған жолаушы тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, оны Алматы облысының елді мекендерінің біріне жеткізуді талап еткен. Тәртіп сақшылары дереу әрекет етті: көлік қозғалысы бұғатталып, күдікті ұсталды, — деп хабарлады Алматы полиция департаменті.

Тексеру кезінде тартып алынған зат ойыншық тапанша болып шықты. Бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ұстау кезінде жол оқиғасы да болды: өтіп бара жатқан көліктің жүргізушісі болып жатқан жағдайға алаңдап, таксимен соқтығысты.

Полиция жүргізушілерге кез келген жағдайда мұқият болып, жол жүрісі ережелерін сақтауға шақырды.

Бұған дейін де Алматыда полиция қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған атыс қаруы жасырылған қойманы тапқан болатын.

Дереккөз: Inform.kz