...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда жол бермеген жүргізуші үш адамның жарақат алуына себеп болды

Бүгін түнде Алматыдағы Яссауи мен Тагзым қиылысында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Апат салдарынан үш адам медициналық көмекке жүгінді.

Полиция мәліметінше, оқиға бүгін шамамен сағат 01:30-да тіркелген. Тагзым көшесімен батыс бағытта келе жатқан Hyundai жүргізушісі Яссауи көшесімен қиылыста 2.4 «Жол бер» жол белгісінің талабын елемей, реттелмейтін қиылысқа шыққан.

Сол сәтте Яссауи көшесімен солтүстік бағытта Chevrolet келе жатқан. Соқтығысу орын алып, Chevrolet кедергіге соғылған.

Қазіргі уақытта апат мән-жайын Әуезов ауданы полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр.

Бұған дейін Жетісу облысындағы «Сарыөзек — Көктал» автожолында болған жол-көлік оқиғасынан алты адам қаза тапқан болатын.