Алматыда 13 қыркүйекке дейін ЛЭП жөндеу жұмыстарына байланысты кейбір көшелерде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ мәліметінше, жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі ЛЭП-220 кВ №2353 және №2363 желілерінің зақымдануына байланысты туындаған. Бұл Алматы қаласы мен Алматы агломерациясының электрмен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ететін 220 кВ желісінің сақиналық схемасының бұзылуына әкелді.
Қазір электрмен жабдықтаудың сенімді схемасын қалпына келтіру үшін Орталық және Талды көшелерінің қиылысындағы зақымдалған кабельдік учаскеде авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын мүмкіндігінше тез арада орындау қажет.
Жұмыстардың ерекшеліктеріне байланысты аталған учаскеде жол қозғалысын уақытша ұйымдастыруды өзгерту қажет болады.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан маршруттарын алдын ала жоспарлауды және қажетті жұмыстарды жүргізуге байланысты уақытша қолайсыздықтарды түсіністікпен қабылдауды сұрайды.
Бұған дейін Алматы облысында 2026 жылдың 3 қыркүйегінен бастап Алматы – Төңкеріс – Байсерке – Междуреченское – «Астана – Алматы» тас жолының учаскесінде жүк көліктерінің қозғалысы уақытша шектелгені белгілі болған еді.
