...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда жол апаты: көлік мопедпен соқтығысты

Алматының Алмалы ауданындағы қарбалас қиылыста жол талғамайтын көлік пен мопед соқтығысты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қалалық ПД мәліметінше, алдын ала ақпарат бойынша мопед Төле би даңғылымен батыс бағытта, ал жол талғамайтын көлік Панфилов көшесімен солтүстік бағытта қозғалған. Салдарынан көлік құралдары соқтығысқан.

Мопед жүргізушісі жарақат алды, — делінген ведомствоның Instagram-дағы ресми парақшасында.

Оқиғаның басқа мән-жайлары анықталып жатыр. Полиция барлық жол қозғалысына қатысушыларды жолдағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Дереккөз: Nur.kz