
Алматыдағы беделді аудандардың бірінде орналасқан жеке үйде учаскелік инспекторлар сауықтыру қызметтерінің атымен жамылып, интимдік сипаттағы қызметтер көрсетілетін мекемені анықтады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қазіргі уақытта тексеру шаралары жүргізілуде. Мекеме әкімшілігіне қатысты шаралар қабылданды.
Бұған дейін алматылық полицейлер ата-анасының ертіп жүруінсіз кешкі уақытта ойын-сауық мекемелерінде жүрген кәмелетке толмағандарды ұстағаны хабарланған болатын.
Дереккөз: Zakon.kz