
Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарына байланысты қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
9 маусым сағат 07:00-ден 10 маусым сағат 07:00-ге дейін Мақатаев көшесінен №49 үйге дейінгі аралықта қозғалыс толығымен жабылады.
Жөнделіп жатқан учаскеде ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген стендтер орнатылады. Қала тұрғындарынан маршрутын алдын ала жоспарлау сұралады.
Қозғалыс шектеулері туралы толық ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және Яндекс карталар сервистерінде орналастырылған.
Дереккөз: Almaty.tv