...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда жеке үйден 33 түп кендір табылды: жесір күйеуінің ісі деп ақтады

Алматыда жеке үйдің аумағынан полиция қызметкерлері 33 түп кендір бұтасы мен кептірілген өсімдік тектес затты тауып алды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Наркоқылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жеке үйлердің бірінің аумағында есірткі құрамды өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісін анықтады.

«Жеке үйлердің бірінің аумағынан 17 түп өсірілген кендір бұтасы, тағы 16 түп гүл құмыраларына отырғызылған өсімдік, сондай-ақ кептірілген өсімдік тектес зат табылып, алынды», — делінген хабарламада.

Үй иесі өсімдіктерді өткен жылы қайтыс болған күйеуі жеке тұтыну үшін өсіргенін айтқан. Полиция бұл нұсқаның тергеу барысында тексерілетінін мәлімдеді. Қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жалғасуда, қажетті сараптамалар тағайындалып, алынған заттар сот-химиялық зерттеуге жіберілді.

Дереккөз: Nur.kz