...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда Төле би көшесінде екі күн көлік қозғалысы шектеледі

Алматыда Төле би көшесінің бірнеше учаскесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, шектеулер ЖРТ жобасын іске асыру аясында енгізіледі. Қозғалыс Масанчи көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі, сондай-ақ Наурызбай батыр көшесінен Желтоқсан көшесіне дейінгі учаскелерде тоқтатылады.

Бұл учаскелерде көлік қозғалысы 12 және 13 қыркүйек күндері түнгі сағат 23:00-ден таңғы 08:00-ге дейін жабылады.

Қала билігі тұрғындар мен қонақтарды маршруттарын алдын ала жоспарлауға шақырды.

Бұған дейін қала тұрғындары мен қонақтарына Абай даңғылының бір учаскесінде бір тәулікке көлік қозғалысы тоқтатылатыны ескертілген болатын. Шектеулер орташа жөндеу жұмыстарына байланысты.