Алматыда кәмелетке толмаған жігіттің соққыға жығылғанына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі NUR.KZ-ге сілтеме жасап.
Egovpress Telegram-арнасында Алматының Медеу ауданында түсірілген жанжалдың бейнежазбасы жарияланды. Басылымда белгісіз ересек ер адам жасөспірімдермен төбелескені айтылады.
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінде NUR.KZ тілшісіне кәмелетке толмағанға дене жарақатын салғаны үшін қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілуде. Тергеу барысында жанжалдың туындау себептері мен жағдайлары зерттеледі, сондай-ақ оның әрбір қатысушысының әрекеттеріне құқықтық баға беріледі, — деп нақтылады полицияда.
Тергеу барысы Алматы ПД басшылығының бақылауында екені атап өтілді.
Дереккөз: Nur.kz