...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматы метросында пышақ алып жүрген жолаушы ұсталды

Алматы метросының «Абай» станциясында қауіпті зат алып жүрген жолаушы анықталып, полицияға тапсырылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеуінше, оқиға «Абай» станциясында болған. Полицейлер тексеру қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, сөмкесінде қауіпті болуы мүмкін зат бар жолаушыны анықтаған.

Ер адамды одан әрі тексеру үшін Медеу ауданының полиция қызметкерлеріне өткізді. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Бұған дейін, 14 қазанда, полиция метро жолаушысының сөмкесінен 5,45 миллиметрлік екі патрон табылғанын хабарлаған. Ал қыркүйекте қалтасында заңсыз мазмұндағы орама табылған жолаушы ұсталған.