...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда LEZ жобасының техникалық пилоты жалғасуда

Алматыда LEZ жобасының техникалық пилоты жалғасуда, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Жоба көлік ағындарын, экологиялық ахуалды зерттеуге және аймақтың жұмыс істеу тетіктерін пысықтауға бағытталған. Бұл — келесі кезеңге өту мүмкіндігі қарастырылғанға дейінгі дайындық.

Техникалық пилот кезеңінде көлік қозғалысына шектеулер қолданылмайды. Сонымен қатар айыппұлдар салынбайды және LEZ аумағына кіру үшін төлем алынбайды.

Аймақ шекаралары бекітілмегендіктен, LEZ режимін бұзғаны үшін қандай да бір санкция қолдануға заңды негіз жоқ. Техникалық пилот қорытындысы бойынша ұсынылып отырған тетіктердің тиімділігі бағаланып, көлік жағдайы, экологиялық міндеттер және қала тұрғындарының мүддесі ескеріле отырып, реттеудің одан арғы параметрлері айқындалады.