...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда жасөспірімдер тауда адасып, құтқарушылар көмекке келді

Бостандық ауданында, Үлкен Алматы шыңы маңында теңіз деңгейінен 3681 м биіктікте оқиға болды. Күні бұрын таңертең бір топ жасөспірім өз бетінше тауға аттанған, алайда маршрут кезінде жолдан адасқан, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Оқиға туралы хабарлама түскеннен кейін ТЖМ «Барыс» республикалық құтқару қызметінің құтқарушылары Алматы қалалық ТЖД Құтқару қызметінің мамандарымен бірге жасөспірімдердің орналасқан жерін анықтап, оларға жедел жол тартты.

Құтқарушылар топты тауып, дайындалған маршрут бойынша қауіпсіз түсуді ұйымдастырды. Жасөспірімдерді «Алма-Арасан» экопостіне аман-есен шығарды.

Жорыққа қатысушыларға медициналық көмек қажет болмады. Құтқарушылар туристерге маршруттарды алдын ала жоспарлау, ауа райы жағдайын ескеру, байланыс құралдарын алып жүру және дайындықсыз тауға аттанбау қажеттігін ескертеді.

Бұған дейін Алматы облысында туристің тауға жорығы құтқару операциясымен аяқталғаны хабарланған болатын.

Дереккөз: Zakon.kz