...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда №111 автобус бағыты уақытша өзгереді

16 шілдеден бастап Алматыда №111 автобус бағытының қозғалыс схемасы уақытша өзгереді. Шектеулер Станиславский көшесінде жол жұмыстары жүргізілуіне байланысты енгізіліп, олар аяқталғанға дейін күшінде болады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Солтүстік бағытта автобус Станиславский – Бөлтірік Шешен – Жангелдин – Сидоркин – Гастелло – Баянауыл – Жангелдин көшелерімен жүреді. Соңғы аялдама уақытша «Баянауыл көшесі» аялдамасына ауыстырылады. Қарсы бағытта маршрут «Баянауыл көшесі» аялдамасынан басталып, Жангелдин – Бөлтірік Шешен – Станиславский көшелерімен өтеді, содан кейін автобус әдеттегі схемамен қозғалысын жалғастырады.

Жолаушыларға сапарларын жоспарлау кезінде уақытша өзгерістерді ескеру ұсынылады.

Дереккөз: Inalmaty.kz