Алматыда 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында скрининг нәтижелері бойынша сүт безі қатерлі ісігінің 200-ден астам және колоректалды қатерлі ісіктің 58 жағдайы анықталды. Барлық пациент диспансерлік бақылауға алынды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Ведомствоның мәліметінше, бірінші жартыжылдықта халықты профилактикалық тексерулермен қамту бойынша жоспарлы көрсеткіштердің көпшілігі орындалған немесе асыра орындалған. Профилактикалық тексеруден 375 мыңнан астам бала өткен. Қант диабетіне скрининг 131 мыңнан астам адамды, қан айналымы жүйесі ауруларына – 110 мыңнан астам, глаукомаға – 145 мыңнан астам, вирустық гепатиттерге – 34 мыңнан астам, ал цереброваскулярлық ауруларға – 24 мыңнан астам тұрғынды қамтыған.
Колоректалды қатерлі ісікке скринингтен 108 мыңнан астам адам өткен. Оның қорытындысы бойынша 803 түрлі патология анықталған, оның ішінде 745 қатерсіз ісік және тоқ ішек пен тік ішектің 58 қатерлі ісігі бар.
Кеңес қорытындысы бойынша медициналық ұйымдарға тұрғындарды профилактикалық тексерулер мен скринингтік бағдарламаларға тарту жұмысын күшейту тапсырылды. Басқармада ерте диагностика емнің тиімділігін айтарлықтай арттыратынын атап өтті.
Сонымен қатар, скринингтің оң нәтижелері бар пациенттерге «жасыл дәліз» қағидаты бойынша 3-5 жұмыс күні ішінде тексерудің екінші кезеңінен өтуді қамтамасыз ету керек.
Сондай-ақ, нөлдік анықтау көрсеткіші бар медициналық ұйымдардың жұмысын апта сайын бақылау, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының қызметіне ай сайын талдау жүргізу, жеке клиникаларға сыртқы аудит ұйымдастыру және жұмыс істейтін тұрғындардың, оның ішінде кешкі уақытта және сенбі күндері скринингтен өту мүмкіндіктерін кеңейту жоспарлануда.
Дереккөз: Inalmaty.kz