...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда Жандосов көшесінің бір бөлігінде жол қозғалысы уақытша шектеледі

Алматыда Жандосов көшесінің бір учаскесінде орташа жөндеу жұмыстарына байланысты жол қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

11 тамыз сағат 23:00-ден 15 тамыз сағат 23:00-ге дейін қала шекарасынан Дәулеткерей көшесіне дейінгі учаскеде реверсивті қозғалыс енгізіледі. Жол толық жабылмайды.

Қала тұрғындары мен қонақтары уақытша қолайсыздықтарды түсіністікпен қабылдап, жылдамдық режимін және уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтауды сұрайды.

Жөндеу жұмыстарының мерзімі ауа райы жағдайына және өндірістік қажеттілікке байланысты өзгеруі мүмкін.

Бұған дейін Алматыда Канье Уэстің концерті күні Абай даңғылында, сондай-ақ Байтұрсынов және Сәтпаев көшелерінде қозғалыс шектелетіні хабарланған болатын.