...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда Жандосов көшесінде реверсивті қозғалыс енгізіледі

Алматыда Жандосов көшесінің бір бөлігінде жол жүру схемасы уақытша өзгереді. Орташа жөндеу жұмыстарына байланысты 21 шілдеден 1 тамызға дейін бұл жерде реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Әкімдіктің хабарлауынша, жолдың орташа жөндеуіне байланысты 21 шілде сағат 20:00-ден 1 тамыз сағат 6:00-ге дейін Дәулеткерей көшесінен қала шекарасына дейінгі аралықта реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады.

Жүргізушілерді маршрутты алдын ала жоспарлауға, уақытша жол белгілері мен жылдамдық режимінің талаптарын сақтауға шақырады.

Әкімдікте жұмыстардың мерзімі ауа райы жағдайына байланысты түзетілуі мүмкін екенін атап өтті.

Дереккөз: Inalmaty.kz