Алматыда зейнеткер әйелдің канатжолмен сапары таудағы іздеу операциясына ұласты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Зейнеткерді іздеуге ТЖМ және «Барыс» республикалық құтқару қызметінің қызметкерлері жедел шықты. Құтқарушылар канатжолмен көтеріліп, таулы жерді тексеруге кірісті.
Әйелді бақылау алаңынан шамамен үш шақырым төменнен тапты. Құтқарушылар оның қауіпсіз жерге қайтуына көмектесті.
ТЖМ мәліметінше, зейнеткер зардап шекпеген және медициналық көмек қажет етпеген.
Бұған дейін Үлкен Алматы шыңы ауданында екі турист жоғалғаны хабарланған болатын.
Дереккөз: Zakon.kz