...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда заңсыз қоғамдық тамақтану нысанын бұзуға мәжбүрледі

Алматыда Төле би көшесі, 293/1 мекенжайында орналасқан заңсыз құрылыс бұзылды. Бұл нысан жалпы пайдалану аймағында салынған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қалалық басқарма азаматтарды қала құрылысы нормаларын сақтауға және құрылысты тек рұқсат құжаттары болған кезде жүргізуге шақырды.

26 мамыр 2026 жылы Алматы орталығында азық-түлік дүкеніне заңсыз салынған қосымша құрылыс бұзылғаны белгілі болды.

Дереккөз: Zakon.kz