...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда ұлттық спорт түрлерінен фестиваль өтті: 200-ге жуық қатысушы бақ сынасты

Асық ату, арқан тарту және шынайы эмоцияларға толы мереке. Алматыда «СПОРТ — ДОСТЫҚ АЛАҢЫ» ұлттық спорт түрлерінің фестивалі өтті. Жарыс бағдарламасы төрт кезеңнен тұрып, қатысушылар физикалық күш пен стратегиялық ойлау қабілетін көрсетті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Турнирдің ерекшелігі — инклюзивті, отбасылық формат. Спорт алаңдарында жас алматылықтардан бастап, тәжірибелі аға буын өкілдеріне дейін бақ сынасты. Барлығы 200-ге жуық адам қатысты.

«Бүгінгі іс-шараның басты мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау, қала тұрғындары арасында бұқаралық спортты дамыту және Алматы қаласы тұрғындарының достығы мен бірлігін нығайту», — деді «Спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің» жетекшісі Жәмила Танабаева.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар қазақ халқының бай тарихи дәстүрлері мен мәдени мұрасын насихаттап, маңызды әлеуметтік миссияны атқарады. Олар қала тұрғындарын жақындастырып, тату көршілік қарым-қатынасты нығайтады. Төрт кезеңнің қорытындысы бойынша ең жылдам, дәл және күшті командалар естелік кубоктар мен құрмет грамоталарымен марапатталды.

Дереккөз: Almaty.tv