...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда аялдамада 66 жастағы әйелді ұрып-соққан ер адам ұсталды

Алматының Бостандық ауданында белгісіз біреу автобус аялдамасында 66 жастағы әйелге шабуыл жасады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Оқиғаның видеосын әлеуметтік желіде жәбірленушінің қызы жариялады. Оның айтуынша, шабуыл Санаторий Алматы көшесінде болған.

— Ол аялдамада тұрып, автобус күтіп тұрған. Белгісіз жас жігіт артынан келіп, айналада ешкім жоқ сәтті пайдаланып, оны аяусыз ұрып-соқты. Қазір анам ауруханада. Жағдайы өте ауыр, — деп жазды ол.

Әйелдің қызы шабуылдаушыны заң аясында қатаң жазалауды талап етті.

Полиция департаментінің мәліметінше, Бостандық ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған.

— Қылмыс ізін суытпай ашылды. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаны жан-жақты және объективті тергеу үшін тергеу әрекеттері жүргізілуде, — деп атап өтті ДП баспасөз қызметі.

Полиция жазаның бұлтартпастығы қағидаты ІІМ жұмысында негізгі болып қала беретінін жеткізді. Кез келген құқыққа қайшы әрекет, әсіресе зорлық-зомбылықпен байланыстысы, жолын кесіліп, кінәлілер толық көлемде жауапқа тартылады.

Бұған дейін Қарағандыда зейнеткерге шабуыл жасау ісі бойынша үкім шығарылған. Айыпталушылар арасында тоғыз адам болған, олардың көпшілігі кәмелетке толмағандар.

Дереккөз: Inform.kz