...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда ұйымдасқан топ үйсіздерді ұрлап, оларға көлік рәсімдемек болған

ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті басқармасының бастығы Самат Күсетов Қазақстанда адам ұрлауға қатысты жағдайға түсінік берді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі дөңгелек үстел барысында Самат Күсетов жыл басынан бері полиция қызметкерлері адам саудасына байланысты 80-нен астам қылмысты анықтағанын атап өтті.

«Сондай-ақ екі ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз әрекетіне жол берілмеді. Мысалы, Алматыда адамдарды қанау мақсатында саудалаған топқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Заңсыз әрекет тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдарды іздестіруге және оларды қанау құрбаны ретінде тартуға, оларға оң несие тарихын жасауға, кейін Алматы, Астана және Шымкент аумағында сәнді автокөліктерді рәсімдеуге және одан әрі сатуға бағытталған», – деп қосты ол.

Оның сөзінше, бүгінгі таңда негізгі ұйымдастырушылар ұсталған, тергеу жалғасуда.

Дереккөз: Nur.kz