Синоптиктер Алматыда алдағы күндері аптап ыстық, қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай болатынын болжап отыр. 25 шілдеде айнымалы бұлттылық күтіледі, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай өтеді. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с-қа жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +18…+20 градус, күндіз +30…+32 градус болады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
26 шілдеде айнымалы бұлттылық сақталады. Қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел бағыты солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 3-8 м/с, кей жерлерде екпіні 13 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +18…+20 градус, күндіз +30…+32 градус болады.
27 шілдеде жауын-шашын күтілмейді. Айнымалы бұлттылық жағдайында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с болады. Ауа температурасы түнде +18…+20 градус деңгейінде сақталып, күндіз +31…+33 градусқа дейін көтеріледі.
Дереккөз: Inalmaty.kz