...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда үш күн қатарынан +42°C-қа дейін ыстық болады

Алматыда 17-19 шілде аралығында күндіз ауа температурасы +40+42°C-қа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің мәліметінше, 17 шілдеде ауа айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыс желі 3-8 м/с. Түнде +23+25°C, күндіз өте күшті ыстық +40+42°C.

18 шілдеде де ауа айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс желі 3-8 м/с. Түнде +24+26°C, күндіз өте күшті ыстық +40+42°C.

19 шілдеде айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыс желі 3-8 м/с. Түнде +24+26°C, күндіз өте күшті ыстық +40+42°C.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда 2026 жылғы маусым айы көпжылдық рекордтарды жаңартқан ыстықпен және тәулігіне екі айлық нормадағы жаңбырмен ерекшеленгенін айтқан болатын.

Дереккөз: Zakon.kz