...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда Шухов атындағы скверді кешенді абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр

Алматыда Медеу ауданында орналасқан Шухов атындағы скверді кешенді абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Жоба «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында іске асырылуда, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, аумақта 26 мың шаршы метр көгалдандыру жүргізіліп, жаңа құнарлы топырақ әкелінген. Сонымен қатар автоматты суару жүйесін орнату жұмыстары жүріп жатыр — мамандар шамамен 5,6 шақырым магистральдық құбыр төсеген.

Сонымен қатар, скверде ескірген шағын архитектуралық нысандар, ескі жабын, сондай-ақ балалар, футбол және баскетбол алаңдарының қоршаулары бұзылған. Олардың орнына жаңа ойын, спорт және жаттығу элементтері орнатылады, бұл қоғамдық кеңістікті заманауи әрі тұрғындардың демалуына ыңғайлы етеді.

Дереккөз: Inalmaty.kz