Алматыда үш әйел көше ортасында қатты төбелесті. Полиция төбелеске қатысушыларды ұстап, әкімшілік іс қозғады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қатал көше төбелесінің кадрлары әлеуметтік желілерде жарияланған. Видеода екі әйелдің бейтаныс әйелге көше ортасында соққы бергені көрсетілген. Бейнежазба полиция қызметкерлерінің назарын аударған.
Төбелес туралы хабарлама түскен соң, оқиға орнына патрульдік полиция экипажы дереу жетті. Ақпарат расталды. Жанжалға қатысушылар анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Үш қатысушыға қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материалдар сотқа жіберілді, онда жауапкершілік шарасы туралы шешім қабылданады, — делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Алматы полициясы кез келген жанжал, ол көшеде немесе ұялы телефон камерасының объективінде болса да, назардан тыс қалмайтынын ескертті. Кінәлілер анықталып, жауапкершілікке тартылады.
Дереккөз: Nur.kz