...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматы метросында жаңа шектеулер: не өзгерді

Алматы метрополитенінің баспасөз қызметі вагондарда кейбір көлік құралдарын тасымалдауға жаңа шектеулер енгізілгенін хабарлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Метрополитеннің Instagram-парақшасында «Алматы қаласы метрополитенінде жекелеген жүріс құралдарын тасымалдауға шектеулер енгізу туралы» бұйрыққа сілтеме жасап, енді метро құрамында кейбір көлік құралдарын алып жүруге және тасымалдауға тыйым салынатыны айтылған.

Жаңашылдықтың мақсаты – жолаушылар мен метро қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ көліктік және өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыру.

Алматы метросында тасымалдауға тыйым салынғандар:

  • электровелосипедтер;
  • электросамокаттар;
  • велосипедтер (балалар велосипедтерінен басқа);
  • роликті тақталар (скейтбордтар);
  • электромонодөңгелектер (моноциклдер) және басқа да осыған ұқсас жүріс құралдары.

Шектеулер мыналарға қолданылмайды:

  • қаптағы бүктемелі электрлік емес велосипедтер;
  • қаптағы бүктемелі электрлік емес жүріс құралдары;
  • балалар арбалары;
  • мүгедектер арбалары.

Қала тұрғындары мен қонақтарын енгізілген шектеулерді түсіністікпен қабылдап, метрополитенді пайдаланудың белгіленген ережелерін сақтауға шақырады.

Дереккөз: Nur.kz