Алматыда тұрақ кеңістігін ұйымдастыру ережелерін жаңарту жоспарлануда. Тиісті жобаны мәслихат отырысында Жол қозғалысын және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының басшысы Ержан Диханбаев таныстырды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Құжат көппәтерлі үй тұрғындарына тұрғылықты жерінен 500 метр радиус ішіндегі бір коммуналдық тұрақта бір автокөлікті тегін қою мүмкіндігін қарастырады. Бірақ нақты тұрақ орны бекітілмейді, бұл тұрақ кеңістігінің барлық пайдаланушылар үшін қолжетімді болуын сақтайды.
Жоба сондай-ақ тұрақтарды жабдықтауға, олардың жұмыс режиміне және төлем тәсілдеріне бірыңғай талаптар белгілейді. Ережелердің сақталуын бақылау мобильді және стационарлық фото-бейнетіркеу кешендері арқылы жүзеге асырылады деп жоспарлануда.
Жүргізушілерге ыңғайлы болу үшін жеңілдік кезеңдері сақталады: жолаушыларды отырғызу және түсіру үшін тротуарлық тұрақтарда бес тегін минут, сондай-ақ алаңдық тұрақтардан шығу үшін он минут.
Сонымен қатар, бұрынғыдай, ардагерлер, мүгедектігі бар адамдар, көпбалалы аналар, электромобиль иелері және жедел қызметтер төлемнен толық босатылады.
Дереккөз: Almaty.tv
