...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда электросамокаттардың тұрағы жаңа ережемен реттеледі

Алматыда алғаш рет электросамокаттар, мопедтер және басқа да жеке мобильділік құралдарын орналастырудың бірыңғай ережесі әзірленді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қалада жол қозғалысын ұйымдастырудың жаңартылған жобасын мәслихат отырысында таныстырды. Құжат жеке мобильділік құралдарын пайдалануды кешенді түрде реттейді.

Жоба электросамокаттар, мопедтер және басқа да жеке мобильділік құралдарының тұрақтарын орналастыруға бірыңғай талаптарды көздейді. Прокат операторлары үшін тұрақтар шарттық негізде ұйымдастырылады, бұл қаладағы көліктерді орналастыруды ретке келтіруге мүмкіндік береді, — делінген хабарламада.

Мұндай тұрақ аймақтарын жалға алу сервистері ғана емес, жеке электросамокат және басқа да жеке мобильділік құралдарының иелері де тегін пайдалана алады. Сонымен қатар, құжат көлік құралдарын эвакуациялау мен сақтаудың бірыңғай ережесін, сондай-ақ аулаларда шлагбаумдар мен қоршаулар орнату тәртібін белгілейді. Бұл ретте жедел жәрдем, өрт сөндіру және басқа да төтенше қызметтердің кедергісіз өтуі міндетті шарт болып қалады.

Жобаның қабылдануы заманауи жол қозғалысын ұйымдастыру жүйесін құруға, қалалық инфрақұрылымды пайдалану тиімділігін арттыруға және көліктің жаңа түрлерін реттеуге бірыңғай тәсіл орнатуға көмектеседі.

Дереккөз: Nur.kz