Алматының Алатау ауданында Райымбек даңғылы бойында тұрғын үйдің жанында автокөлік өртенді, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Оқиға бүгін, 11 қыркүйекте болды. Өрттің ауданы 4 шаршы метрді құрады.
«Өртті құтқарушылар 10 минут ішінде сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдайлар министрлігі еске салады: өрт шыққан кезде дереу 101 немесе 112 нөмірлеріне қоңырау шалыңыз», — делінген хабарламада.
Бұған дейін Астанада өртенген жүк көлігінен көршілес тұрған көліктер зардап шеккені хабарланған болатын.
Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер өртеніп жатқан көлік жолаушыларына көмектесіп, жасырынған жүргізушіні ұстады.
