...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Астанада күз басталды, Алматы мен Шымкент әлі жылы: демалыс күндеріне ауа райы болжамы

Синоптиктер 12-14 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады. Астанада жаңбыр мен найзағай күтілсе, Алматы мен Шымкентте құрғақ әрі жылы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Астанада 12 қыркүйекте айнымалы бұлттылық, кейде жаңбыр жауып, найзағай болады. Таңертең және күндіз жел екпіні секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін. Түнде ауа температурасы +14+16°С, күндіз +20+22°С.

13 қыркүйекте айнымалы бұлттылық, кейде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз жел секундына 23 метрге дейін күшейеді. Түнде +12+14°С, күндіз +19+21°С.

14 қыркүйекте айнымалы бұлттылық, кейде жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел екпіні секундына 15-20 метр. Түнде +10+12°С, күндіз +16+18°С.

Алматыда 12 қыркүйекте айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Күндіз жел екпіні секундына 15-18 метр. Түнде +19+21°С, күндіз +30+32°С.

13-14 қыркүйекте айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Әлсіз жел соғуы мүмкін. Түнде +17+19°С, күндіз +29+31°С.

Шымкентте 12 қыркүйекте айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел секундына 8-13 метр. Түнде +17+19°С, күндіз +28+30°С.

13 қыркүйекте айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Түнде +13+15°С, күндіз +29+31°С.

14 қыркүйекте айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Түнде +16+18°С, күндіз +30+32°С.