Алматыда бір үйдің тұрғыны полиция келгенше есірткі таратқан күдіктіні өзі ұстап, келген экипажға тапсырды. Оқиға орнына «Буран-813» экипажы жіберілген, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Тінту кезінде тергеу-жедел тобы 33 жастағы жұмыссыз алматылықтан бірнеше орама ұнтақ тәрізді зат тапты. Күдікті есірткі қолданатынын және «жылдамдық» деп аталатын закладка іздегенін айтты.
Алынған орамалардың ішіндегі зат пен оның шығу тегін сот-химиялық сараптама анықтайды.
Полиция тұрғындардың уақытылы хабарлауының арқасында құқыққа қарсы әрекеттерді жедел тоқтатуға болатынын атап, азаматтарды осындай жағдайлар туралы 102 нөміріне хабарлауға шақырды.
Дереккөз: Zakon.kz