Алматыда ақылы тұрақтар ең көп жүктелген аймақтарда қымбаттайды. 4 қазаннан бастап тарифтер сағатына 100, 150 және 200 теңгені құрайды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қала бойынша ақылы тұрақ қызметінің бағасы үш деңгейге бөлінеді. Ең жоғары — сағатына 200 теңге — көлік көп жүретін, тапшылығы байқалатын аймақтарға қойылады.
Орташа деңгей сағатына 150 теңге, ал неғұрлым жеңіл аймақтарда сағатына 100 теңге белгіленеді. Жаңа тарифтер 4 қазаннан бастап күшіне енеді.
