
Алматыдағы түнгі клубтардың біріне полиция рейд жүргізіп, оннан жасөспірімді заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта жүргенін анықтады. Сот материалдарды қарап, кәсіпорынға әкімшілік айыппұл салып, қызметін тоқтата тұру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Полиция департаментінің Instagram-парақшасында жарияланған ақпарат бойынша, тексеру барысында кәмелетке толмаған жасөспірімнің түнгі мекемеде заңды өкілдерінсіз болғаны анықталды. Осыған байланысты сот мекеменің жұмысын уақытша тоқтатуды бұйырды.
Бұған дейін, наурыз айында Алматыда тағы бір ойын-сауық мекемесі жиі болған жаппай төбелестерге байланысты жабылған болатын.
Дереккөз: Zakon.kz