...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда түлектердің кортежіне қатысушылар анықталып, айыппұл салынды

Алматыда полиция қауіпті түлектер кортежінің барлық қатысушыларын анықтап, оларды әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Тексеруге видеожазбалар себеп болды, онда жолаушылар көлік терезелері мен люктерінен шығып, жүргізушілер қозғалыс кезінде қауіпті маневрлер жасаған. Кадрларда болып жатқан оқиғаны ұялы телефондарға түсіріп жатқаны да көрінеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Полиция департаментінің хабарлауынша, кортежге қаладағы мектептердің бірінің түлектері қатысқан. Тексеру қорытындысы бойынша төрт жүргізуші, төрт кәмелетке толмаған жолаушы және олардың ата-аналары жауапкершілікке тартылды.

Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, жүргізушілерге 10 АЕК (43 250 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды, кәмелетке толмаған жолаушыларға – 5 АЕК (21 625 теңге), ал ата-аналары бала тәрбиесі жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін 20 АЕК (86 500 теңге) көлемінде айыппұл төлейді.

Дереккөз: Inalmaty.kz