...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда төрт маңызды автобус бағытының қозғалыс схемасы өзгерді

Қалалық Көлік холдингінің мәліметінше, Жамакаев көшесінің Әзербаев көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейінгі учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан, 6 мамырдан бастап №70 және №124 бағыттардың қозғалыс схемасы жөндеу аяқталғанша уақытша өзгертілді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Оңтүстік бағытта: Сейфуллин даңғылы – сақинада бұрылыс – Әл-Фараби даңғылы – Назарбаев даңғылы – Қажымұқан көшесі – Искендеров көшесі – Әзербаев көшесі – Нұрлыбаев көшесі – әрі қарай соңғы аялдамаға дейін.

Кері бағытта: Нұрлыбаев көшесі – Әзербаев көшесі – Искендеров көшесі – Қажымұқан көшесі – Назарбаев даңғылы – Әл-Фараби даңғылы – Сейфуллин даңғылы – әрі қарай схема бойынша.

Сонымен қатар, Ш. Абыз көшесінде жол жөндеу жұмыстарына байланысты 6 мамырдан бастап №105 және №122 бағыттардың қозғалыс схемасы уақытша өзгертілді.

Солтүстік бағытта: Приканальная көшесі – «Приканальная көшесі» соңғы аялдамасына дейін.

Кері бағытта: «Приканальная көшесі» соңғы аялдамасынан – Приканальная көшесі – Ш. Абыз көшесіне кірмей – әрі қарай схема бойынша.

Оңтүстік бағытта: Аруана көшесі – батыс бағытта бұрылыс – «№196 мектеп» соңғы аялдамасына дейін.

Кері бағытта: «№196 мектеп» соңғы аялдамасынан – Аруана көшесі – әрі қарай схема бойынша.

Сондай-ақ 1 мамырдан бастап Алматыда №27, №118, №137 бағыттардың қозғалыс схемасына өзгерістер енгізілді.

Дереккөз: Zakon.kz