Алматы жаңа Конституцияның күшіне енуін жастардың ауқымды акцияларымен қарсы алды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Ең жарқын шаралардың бірі – төрт метрлік Конституция түріндегі арт-инсталляция болды. Оның жанында әділдік, заң үстемдігі, адам құқықтарын қорғау және қоғамдық бірлік тақырыптарына арналған көрме ұйымдастырылды. Алматы жастар саясаты басқармасының мәліметінше, жастардың мерекелік іс-шараларға қатысуы белсенді азаматтық ұстанымның, конституциялық құндылықтарға құрметтің және елдің дамуына үлес қосуға дайындықтың символына айналды.
«Біздің жастарымыз осындай ауқымды шара ұйымдастырды және бұл мерекелік бағдарламаның бір бөлігі ғана. Кеше біз флешмоб өткіздік. Ал бүгін «Сұңқар» кешенінде Мемлекеттік ту көтерудің салтанатты рәсімі өтті. Мұнда, арт-акция аясында, жастар тарихи күні ашық диалог жүргізіп, өз пікірлерімен бөлісуде», — деді Алматы жастар саясаты басқармасы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ермұхамет Палмағанбетов.
Дереккөз: Almaty.tv