...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматы метросында жеке жүріс құралдарына тыйым салынды

Алматы метрополитенінде жеке жүріс құралдарын тасымалдаудың жаңа ережелері күшіне енді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Енді жолаушыларға метроға электросамокаттар, электровелосипедтер, кәдімгі велосипедтер (балалар велосипедтерінен басқа), скейтбордтар, электромонодөңгелектер және басқа да осыған ұқсас жүріс құралдарын алып кіруге тыйым салынды.

Өзгерістерді метрополитен әкімшілігі хабарлады. Тиісті хабарландыру метроның әлеуметтік желілердегі ресми парақшасында жарияланған.

Сонымен қатар, бірқатар заттарды тасымалдауға әлі де рұқсат етілген. Атап айтқанда, жолаушылар бүктемелі электрлік емес велосипедтерді және басқа да бүктемелі жүріс құралдарын, егер олар қаптамада болса, алып кіре алады.

Сондай-ақ шектеулер балалар арбалары мен мүгедектер арбаларына қолданылмайды.

Айта кетейік, қалада метрополитеннің жаңа «Қалқаман» станциясының құрылысы аяқталуға жақын.

Дереккөз: Inform.kz