Алматыда ЛРТ жобасы бойынша жұмыстар жүргізуге байланысты Төле би көшесінің бір учаскесінде қозғалыс уақытша шектеледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қала әкімдігінің мәліметінше, 7 қыркүйек сағат 23:00-ден 8 қыркүйек сағат 14:00-ге дейін Байтұрсынов көшесінен Досмұхамедов көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс жабылады.
Жөндеу жүргізіліп жатқан учаскеде ескерту белгілері қойылады. Өз бағытыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз, — делінген әкімдік хабарламасында.
Алматы әкімдігі қозғалыс шектеулері туралы барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс карталар» сервистерінде орналастырылғанын еске салды.
Бұған дейін Алматыда Арықова көшесінде жылу магистралін қайта жаңартуға байланысты қозғалыстың жабылатыны хабарланған еді.
