Алматыда LRT құрылысына байланысты жұмыстар жүргізу үшін Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі Төле би көшесінің Байтұрсынов көшесінен Досмұхамедов көшесіне дейінгі учаскесінде қозғалыстың жабылатынын ескертті.
Алайда шектеу ұзаққа созылмайды — 7 қыркүйек сағат 23:00-ден 8 қыркүйек сағат 14:00-ге дейін.
Жөнделіп жатқан учаскеде ескерту белгілері қойылады. Өз бағытыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз, — деп атап өтті әкімдікте.
Еске салайық, Алматыда LRT 2027 жылдың соңында іске қосылуы жоспарлануда. Әкімдікте оның құрылысы туралы егжей-тегжейлі айтып берген болатын.
