...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігі демалыс күндері қайта жабылады

Алматы тұрғындары мен қала қонақтарына Төле би көшесінің екі учаскесінде көлік қозғалысы шектелетіні ескертілді. Шектеу демалыс күндері әрекет етеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, Төле би көшесінің учаскелерін жабу LTR құрылысына байланысты. Демалыс күндері қозғалыс мына учаскелерде шектеледі:

25 қыркүйек сағат 23:00-ден 26 қыркүйек сағат 18:00-ге дейін — Сейфуллин даңғылынан Наурызбай батыр көшесіне дейінгі аралық жабылады.

26 қыркүйек сағат 23:00-ден 27 қыркүйек сағат 06:00-ге дейін — Розыбакиев көшесінен Кәрімов көшесіне дейінгі аралық (батыс бағытта) шектеледі. Бұл учаскеде реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады.

«Жөндеу жүргізіліп жатқан учаскеде ескерту белгілері қойылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз», — делінген хабарламада.